24 сәуірде болжанып отырған жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны, су деңгейінің көтерілуі мүмкін деген болжам жасалды.
Қар жамылғысының биік болуы мен күн райының жылынуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 24-25 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
Тұрғындарға қар көшкінін болдырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады.