Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

24 қыркүйекте Қазақстанның 2 қаласында ауа ластанады

Фото: The-village-kz.com
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 24 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.