Басты бетPushОңтүстік Африкада...

Оңтүстік Африкада қалың қар жауды

Оңтүстік Африкада қалың қар жауды. Бұл туралы France24.com сайты хабарлады. Қалың қар салдарынан жолаушылар жолда қалып қойған.

Провинциялар арасында қатынайтын автобустар жанармай құю бекеттерінде шамамен жеті сағат тұрып қалды, – деді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванеол.

Қолайсыз күн райына байланысты ел астанасы Йоханнесбург пен Дурбан қаласын жалғайтын жолдың кейбір бөлігі жабылған.

Оңтүстік Африка Республикасында қыркүйектен ақпанға дейін көктем мен жаз болса, наурыздан тамызға дейін күз бен қыс болады.