Қазақстанның кей өңірінде қар жауады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Солтүстік пен шығыс өңірлерде, оңтүстік шығыста жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ауа температурасы кей өңірлерде күндіз төмендеуі мүмкін. Республиканың батысында +18+26°С, солтүстікте, шығыста +5+10°С, орталықта +7+15°С, оңтүстікте +12+20°С, таулы аймақтарда +2+10°С құрайды», — делінген хабарламада.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында түнде ауа-райы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі.