Басты бетPushҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды президент Х әлеуметтік парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс медаль алды.