Балалар омбудсмені Динара Зәкиева балалар арасындағы суицид себептерін айтты. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазған.
ІІМ деректеріне сәйкес балалар арасындағы суицидтің орташа жасы – 15-17 жас, алайда мұндай оқиғалар 11-13 жастағы балалар арасында да жиілеп барады, — деп жазған балалар омбудсмені.
Оның дерегінше, негізгі себептер — жалғыздық, ата-анамен, туыстармен, құрдастармен қарым-қатынас және буллиң. Сонымен қатар қазіргі жаңа әлемде әлеуметтік желілердің ықпалы да айтарлықтай ықпал етіп отыр.
Алдын алу шараларына өзіндік жүгіну құралдарын құру да кіреді. Сондықтан біз ЦДИАӨМ-мен бірге 111 байланыс орталығының жұмыс сапасын арттыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, Осы нөмірге хабарласатын балалар саны да артып жатыр, — дейді Динара Зәкиева.
Оның айтуынша, жақында суицид жасау ниетімен хабарласқан қызға зорлық-зомбылық жасалғаны анықталған: күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр.
Жалпы 11 ай ішінде психоэмоционалдық жағдай мен суицид жасау ниетіне қатысты 1 237 өтініш келіп түскен. Барлығы 75 мың қоңырау қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыда 2 оқушы қыз жоғары қабаттан секіріп кеткен еді. Ал 21 қыркүйекте тағы бір оқушы қыздың жоғарыдан секіргені анықталған.