Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, күдікті «Жібек жолы» шекара бекетінде қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні ұсталған.
Мұның алдында қазақстандық шекарашылар Өзбекстанның 8 адамын тұтқындаған болатын. Олар көші-қон полициясының мөрлерін қолдан жасады деген жорамал бар. Күдіктілерді өткен аптада Сарыағаш шекара отряды қолға түсірген.
Қазақстанның шекара қызметінің хабарлауынша, көші-қон полициясының қолдан жасалған мөрі бар алты адамды «Қапланбек» шекара бөлімшесінің жауынгерлері ұстаған. Ақтөбе қалалық көші-қон полициясы бөлімінің Қазақстан аумағында қаңтардың 28-не дейін жүруге рұқсат беретін жасанды мөрі басылған құжатпен ерлі-зайыптылар қолға түскен.