Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция департаменті мен прокуратура органдары бірлесіп, қала аумағындағы есірткіні жасыратын орындарға рейд жасалды. Іс-шара барысында полиция өкілдері мен прокурорлар және еріктілер бірлесіп, қабырғаларға салынған граффити өшірілді.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бейбітжан Әріпжановарнайы тапсырма беріп, рейд барысында әрбір азаматтың құқығы қорғалуы тиіс екенін айтып өтті.
Елорда аумағында есірткі заттарының таралуына қарсы күреске, салауатты өмір салтын насихаттауға, үйлердің қасбеттерінде тыйым салынған заттарды сату туралы жарнама мен есірткі граффитиін жоюға бағытталған «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ауқымды акция өткізілуде. Жыл басынан бері Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері есірткі жарнамасы бар 500-ге жуық граффити сырлады, — дейді Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бейбітжан Әріпжанов.
Полиция подполковнигінің айтуынша, есірткі граффитиін қолдану қылмыс жасағанмен тең. Граффити-жазуларды қалдырғандар және есірткі сату туралы мәліметтерді интернетте таратқандар үшін қылмыстың ауырлығына байланысты үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыра отырып, ҚК-нің 299-1-бабы бойынша жаза қарастырылған. Осындай қылмысқа куә болған жағдайда «102» нөміріне хабарлау қажет.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын есірткі тарату проблемасына көз жұма қарамауға және есірткі қылмысына қарсы күресте белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз, өйткені әрбір боялған QR-код немесе трафарет біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін, — дейді Бейбітжан Әріпжанов.
Сонымен қатар қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін айтты.
Учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін аумақтың криминогендік жай-күйін зерделеу үшін аула мен пәтерлерді, саяжай массивтерін, шатыр және жертөле үй-жайларын, сондай-ақ, жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, жастар мен кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындары тексеріледі. Мұның бәрі қоғамдағы жат әрекеттер мен бұзақылықтың жолын кесу мақсатында жасалып отыр. Тұрғындарды жедел-профилактикалық іс- шараны өткізуге түсіністікпен қарауға шақырамыз және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне барынша жәрдем көрсетуді сұраймыз — дейді Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция прдполковнигі Бейбітжан Әріпжанов.
Елорда аумағындағы күресте әрбір органның жұмысы маңызды. Бірлесе атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендейтіні анық.
Мұндай іс-шаралар бас прокурордың маусым айында берілген есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту туралы нұсқауына орай ұйымдастырылып жатыр. Елорда аумағындағы есірткінің таралуына тосқауыл қою мақсатында қызметкерлер нақты жоспарлар қабылдады. Қазіргі таңда қылмыстық қудалау органдарының қызметі есірткі тасымалдаушылар мен лабароторияларын және telegram арналарындағы есірткіге қатысты ашылған каналдардың жұмысын тоқтатумен тығыз байланысты. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында психотропты-есірткі заттарына деген қызығушылықтың кері ықпал ететінін түсіндіріп, қала көшелерінде есірткі жарнамалары мен граффити суреттерін өшірумен белсенді түрде айналысып келеміз, — дейді Сарыарқа ауданы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры Нұрислам Балтабеков.
Сарыарқа аудандық прокуратура қызметкерлерінің басты мақсаты – елорда аумағындағы есірткі зертханаларын әшкерелеп, олардың белсенді жұмысын тоқтату.
Былтырмен салыстырғанда есірткімен байланысты қылмыс саны екі есеге көбейген. Қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытын өзгертіп, ұсақ тасымалдаушыларға есірткі жеткізіп отыратын тұлғалар жауапкершілікке тартылды, — деді Нұрислам Балтабеков.
Осылай, есірткіні «тығып» кететін орындардағы белгілер өшіріліп, «Нашақорлыққа жол жоқ» деген жазу мен сенім телефоны жазылды.