Алматыда «Мүмкіндіктер уақыты — болашағы бар бала» деген халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті. Қазақстан аймақтарынан және шетелдерден келген жетекші сарапшылар мен практиктер ерекше қажеттігі бар балаларға ерте көмек беруге қатысты маңызды мәселелерді және Қазақстанда ерте араласу жүйесін дамыту перспективаларын талқылады.
Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірегей ерте араласу орталығы құрылған еді. Орталық жыл сайын 1000 баланы қамтуды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі 9 526 баланың ерекше қажеттігі бар. Үш жасқа дейінгі ерекше қажеттігі бар балалар 800-ге жуық. Жыл басынан бері ұрықты қорғау орталығының ерте араласу жүйесі аясында «Бір күндік клиника» жобасын іске асыра отырып, туа біткен даму ақауларының 918 дерегі анықталған. Даму ақауларын ерте анықтау нәресте өлімінің төмендеуіне әкелді.
Педагогикалық түзету органдары 2024 жылдың өткен кезеңінде 1 683 балаға көмек берді. Ерекше қажеттігі бар 1000 бала мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.
Алматы қаласының ерте араласу жүйесі өмірдің ең ерте кезеңдерінде балалардың дамуындағы бұзушылықтарды анықтауға және кешенді көмек беруге бағытталған. Бұл балалардың мүгедектік деңгейін төмендетіп қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Ерте араласу орталығының бірегейлігі регламент негізінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау басқармалары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесін енгізуде жатыр. Бұл баланы ерте араласу бағдарламасына анықтаған және қабылдаған сәттен бастап және ол аяқталғанға дейін ведомстволық өзара іс-қимыл процесін кезең-кезеңімен сипаттайды, — деді Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
Ол жаңа орталықтың артықшылықтарын да айтып өтті:
- қадам-қадаммен қол жеткіщу қағидаты бойынша қаланың әрбір ауданында ерте араласу қызметтерін ашу, онда балаға және оның отбасына көмек беруге жан-жақты көзқарасты қамтамасыз ететін мамандардың пәнаралық тобының қызметі қамтамасыз етіледі;
- ерте араласу бағдарламасын тиімді іске асыру үшін процестің барлық қатысушысының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін ерте араласуды енгізудің ведомстволық өзара іс-қимыл жөніндегі Алматы әкімдігінің комиссиясын құру.
Ерте араласу орталығының ашылуы дене, когнитивті және эмоционалдық дамудың негізгі дағдылары мен негіздері қалыптасатын маңызды кезеңді — туғаннан үш жасқа дейін қамтитын жүйені құруға мүмкіндік берді. Осы кезеңдегі уақтылы араласу бұзушылық салдарын азайтады, бұл баланың қоғаммен сәтті араласыуына ықпал етеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанда ерте араласу жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Ерекше қажеттігі бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың отбасыларын қолдау бойынша одан әрі қадамдар жасауға негіз болатын қарар әзірленді.