Енді мопед айдайтындардан жүргізуші куәлігі талап етіледі. Мұндай заң жобасын сенат мақұлдап, президентке қол қоюға жіберді.
Мопедті айдау құқығы «А1» санатындағы жүргізуші куәлігі арқылы расталады. «А» және «В» санаттары да осы құқықты растайды.
Мопедті міндетті мемлекеттік тіркеу де енгізіледі. Қазіргі қолданыстағы стандарт бойынша, максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын мопедтерді тіркеуге болады.
Ал жаңа заң жобасы бойынша, барлық мопед, яғни қозғалтқыш көлемі 50 см3-ден аспайтын немесе электр қозғалтқышы және максимал жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтерді тіркеуге болады.
ІІМ орынбасары Игорь Лепеханың мәліметінше, жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін заңға қол қойғаннан бастап санағанда алты ай уақыт беріледі.