Алдағы күндері елімізде жауын-шашын болмайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
Алдағы күндері кең ауқымды антициклон Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтиды, әлі де жауын-шашынсыз күндер болады. Тек еліміздің оңтүстік жартысына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соған қарай жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман түсуі мүмкін, 17-19 қыркүйекте 2-5 градусқа дейін үсік болады, — делінген хабарламада.
Күндіз ауа температурасы мынадай болады: республиканың батысында +20+28°С, солтүстік-батыста +12+23°С, шығыста +5+20°С, оңтүстікте +20+30°С, елдің солтүстігінде және орталығында +10+20°С, оңтүстік-батыста +17 + 28°С.