Сәкен Жасұзақов әскери шеберлік пен қаруландырудың болашағы жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін екі ғылыми-зерттеу институтымен біріге отырып, орталық ашқандарын хабарлады.
“Әскери-ғылыми орталығымыздың бірінші жобасында біз ұшқышсыз ұшатын аппараттың үлгісін жасадық. Мен аппаратты көріп, оны әскери сынақтардан өткізу үшін бұйрық бердім. Олар қазір әскери роботтың жобасымен айналысып жатыр”, – деді ол.
Министрдің айтуынша, ғылыми университетте 16 ғылым докторы, 28 кандидат, 47 магистр бар.
“Меніңше, қаржыландыруды ескеретін болсақ, олар осы бағыттағы жұмысты орындап шыға алады”, – деді министр Сәкен Жасұзақов.