Енді ҚР азаматтары eGov.kz порталындағы қызмет арқылы банктен қарыз бен микрокредит алудан шексіз уақытқа өз еркімен бас тарта алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлап отыр.
Сервисті қолдануға азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, қолданушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады. Ол үшін eGov.kz порталында қызмет көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтінім беру қажет
Қызметті алу үшін:
— eGov.kz порталына тіркеліп өтіп, «Кеден және салықтар» бөлімін басыңыз;
— тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
— қажет жолдарды толтырып, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз;
— қызмет нәтижесін Жеке кабинеттен көруге болады.
Бұрын белгіленген шектеулерді алып тастау үшін:
— «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;
— «Жазылудан бас тартқыңыз келе ме?» деген сұраққа «Иә» деп жауап беріңіз және өтінімге ұсынылған әдістердің бірімен қол қойыңыз.
Сервис жеке тұлғаның банктік қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуды жою құқығын бекітуді көздейтін заңнамалық актілерге түзетулер шеңберінде іске асырылған.