“Нашақорлыққа жол жоқ” ұранымен полицияның, әкімдіктің, студенттер мен еріктілердің үйлесімді күш-жігерінің арқасында ғимараттардың, қоршаулардың және қалалық нысандардың қасбеттерінен бес мыңнан астам есірткі граффити жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Іс-шараға ІІМ курсанттары мен Алматыны қауіпсіз әрі таза етуге ұмтылған қарапайым тұрғындар қатысқан.
Есірткі граффитиін қолдану үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмысы екенін еске салған жөн. Азаматтар мұндай жағдайды “102” нөміріне хабарлауға тиіс, — делінген хабарламада.
Кейінгі айларда есірткіні жарнамалайтын 191 факт тіркелген. Заңсыз мазмұнды интернетте белсенді түрде бұғаттау жалғасып жатыр. Үш мыңнан астам сайт жабылып, тыйым салынған заттарды насихаттауға белсенді қатысқан 1500 Telegram арналары жойылған