Түріктің жетекші Anadolu Group конгломератының еншілес ұйымы, 12 мемлекетте 33 құю және 3 жеміс өңдеу зауыты мен 10 000-нан астам қызметкері бар Coca-Cola İçecek A.Ş. (CCI) Қазақстандағы жаңа үшінші заманауи өндіріс зауытын ашты.
Бұдан басқа компанияның Астана мен Берекеде екі зауыты бар.
Зауыттың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар қатысты. Солардың ішінде – Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак, Америка Құрама Штаттарының бас консулы Мишель Еркин, іскер серіктестер, және университеттер мен БАҚ өкілдері.
The Coca-Cola System жүйесінің аясында Қазақстанды жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету ісінің 30 жылдығын тойлай отырып, 16 гектар алқапты алып жатқан жаңа зауыт екі өндірістік желісі арқасында CCI-дің жылдық өндірістік қуатын шамамен 30 пайызға арттырады. Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағы төңірегінде орналасқан зауыт 150 жаңа жұмыс орнын ашты.
CCI-дің Орта Азия және Кавказ елдеріндегі аймақтық директоры Эрдинч Гюзель үкіметке, Шымкент әкімдігіне және жергілікті қоғамдастыққа баға жетпес қолдауы үшін алғысын білдірді.
Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың пионері ретінде ССІ 13 000-нан астам тікелей және жанама жұмыс орындарын қолдап отыр. ССІ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үлесі мен ашық қызметі көптеген беделді марапаттармен де танылды, атап айтқанда: «Үздік салық төлеуші» сыйлығы, Президенттік «Парыз» сыйлығы, KGIR сыйлығы және Мемлекеттік әлеуметтік жауапкершілік сыйлығы.