Алматы облысы Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Жол апаты 12 қыркүйекте болған.
Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен, — делінген хабарламада.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілген. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.