1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымында қауіпсіздік сабағы басталды. Бұл сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Сабақ балалардың жас ерекшелігі мен даму деңгейін ескере отырып, олардың әртүрлі өмірлік жағдайда өз іс-әрекетіне сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – балаларға қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, түрлі жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету, – деді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Қауіпсіздік сабақтарында келесі тақырыптарға баса назар аударылады: Балабақшалардағы ересек топтардағы балалар үшін (төрт жас): Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін білу, шұғыл қызметке дұрыс қоңырау шалу, өзі туралы негізгі мәліметтерді есте сақтау, терезелерге байланысты қауіптерді ұғыну, сонымен қатар балалар алаңдарында, ойын орталықтары мен аттракциондарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыру.
Бастауыш класс балалары үшін: Су қоймасындағы қауіптер, есікті қағу кезінде қауіпті қалай тануға болады, бейтаныс адамдармен кездескенде қалай әрекет ету керек, мұз үстінде жүр қаупі, өзін-өзі қорғау, виртуалды достықтың қаупі және қаңғыбас иттер кезіккендегі сақтық шаралары.
Орта сынып балалары үшін: Қауіпті челленджер тақырыптары бойынша сабақтар, бөтен адамның шақыруын қабылдамау, көшедегі қауіпті нысандардан (мысалы, субұрқақтар, электр қалқандары) аулақ жүру, кибербуллиң және одан қорғану тәсілдері, ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, интернеттегі қауіптер, сонымен қатар баланың құқықтары мен міндеттері.
Жоғары класс оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін: Алаяқтардың алдауына түспеу және өздерін табыстың күмәнді түрлерінен қорғау, онлайн-ойындардың тәуекелдерінен сақтану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс эмоциялар мен сөздерге қатысты дұрыс әрекет ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, ата-аналарға сенім және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу ережелері.
Айта кетейік, сабақтар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.