Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматы мен Ақтөбеде ауа ластанады

Фото: gov.kz
Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

2024 жылғы 13 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.