Басты бетЖаңалықтарАлма Мұқанова...

Алма Мұқанова вице-министр қызметінен босатылды

Алма Мұқанова әділет вице-министрі қызметінен босатылды.

Алма Мұқанованы қызметінен босату туралы үкімет қаулысы республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің платформасында жарияланды.

Алма Қайратқызы Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі қызметінен босатылсын, — делінген үкімет қаулысында.

Айта кетейік, Алма Мұқанова бұл қызметке 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын.