Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды. Мұны премьер-министрдің сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Алма Қайратқызы Мұқанова ҚР әділет вице-министрі лауазымына тағайындалды. Мұның алдында бұл қызметті атқарған Наталья Пан басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады, — делінген хабарламада.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The University of Warwick (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚазРуно» АҚ маманы болып бастаған. 2010-2012 жылдары «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ маманы, 2012-2015 жылдары әділет министрлігінің заңнама департаментінің қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару заңнамасы және қорғаныс саласындағы заңнама басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2015-2017 жылдары әділет министрлігінің заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп пен көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы, 2017-2021 жылдары әділет министрлігінің заңнама департаменті директорының орынбасары, 2021 жылғы мамыр айынан бастап қазірге дейін әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарды.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз