Алматы әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қашан басталатынын хабарлады. Өткен жылы Алматыда 10 қазаннан бастап жылу берілген болатын.
Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу қала аумағында ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы 5 тәулік бойы +8°С және одан төмен болған кезде уәкілетті органның қаулысы негізінде басталады, — делінген хабарламада.
Қала ғимараттарына төмендегі рет бойынша жылу беріледі:
- мектеп, емхана және медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа ғимараттар.