Басты бетЖаңалықтар"Алматы жастары"...

«Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы қорытындыланды

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 29 шілдеден 7 тамызға дейін «Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады.

Осы жылы www.almaty-zhastary2024.kz платформасында 7 072 өтінім берілді, бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.

Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1 200 заем беру жоспарланған.

Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:

  • Денсаулық сақтау – 1 662
  • Білім беру – 2 434
  • Мәдениет — 430
  • Спорт — 129
  • ЖОО мен ҒЗИ — 717
  • Журналистер — 123
  • Әлеуметтік сала — 352
  • Құқық қорғау органдары — 538
  • Коммуналдық қызметтер — 433
  • Жұмыс істейтін жастар — 254

Мұқият қарастырудан кейін 1 924 өтінім оң қаралып, мақұлданды. Мақұлданған өтінімдер келесідей:

  • Денсаулық сақтау — 456
  • Білім беру — 662
  • Мәдениет — 165
  • Спорт — 42
  • ЖОО мен ҒЗИ — 196
  • Журналистер — 57
  • Әлеуметтік сала — 40
  • Құқық қорғау органдары — 170
  • Коммуналдық қызметтер — 105
  • Жұмыс істейтін жастар — 31

1 200 өтінім беруші «Отбасы» банк АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін «Отбасы» банк АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде алғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.

724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5 148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажет анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, кейінгі алты айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және тағы басқа.

«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтында жарияланады.