Бүгінгі таңда облыстық көпфункционалды балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 17 бала ем алуын аяқтап, ауруханадан шығарылды.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Балалар үйге шығарылғанымен, дәрігерлер бақылауында болады және барлығының жағдайы жақсы. Стационарда 75 бала емін жалғастырып жатыр, олардың да жағдайы тұрақты деп бағаланып жатыр. Жан сақтау бөлімінде науқастар жоқ, — делінген хабарламада.
Ауру анықталған 2024 жылғы 6 қыркүйектен бастап облыстың медициналық мекемелерінде балама белгілермен, яғни қызуы көтерілуі, ішінің өтуі, лоқсу, әлсіздік бойынша 460 бала дәрігерлерге қаралған. Соның ішінде 92 бала ауруханаға жатқызылған.
Ведомство мәліметінше, барлық науқас антибактериялық және дезинтоксикациялық, сонымен қатар симптоматикалық ем алып жатыр.
Дәрігерлер ішек микрофлорасын қалпына келтіру және регидратациялау бойынша заманауи әдістерді қолдануда, бұл науқастардың бойында аурудың белгілерін едәуір төмендетуге септік етті.
Бұл жағдай денсаулық сақтау министрінің жеке қадағалауына алынған.