ІІМ Маңғыстау облысында оқушылардың улануының тергеу барысы туралы айтты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Маңғыстау облысының полиция департаменті Мұнайлы ауданында оқушылардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс шеңберінде тергеушілер мектеп, асхана және жеткізуші компания қызметкерлерінің қатысуымен барлық қажет тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Мектеп асханасына азық-түлік сатып алынған нысандар орнатылды, жеткізу шарттары мен үлгілері алынды, қажет зерттеулер тағайындалды. Тергеу іс-шаралары мен зерттеу нәтижелері бойынша кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ІІМ басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында бір мектептен бірнеше оқушысы астан уланды.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониториң жүргізеді.