Әкім Даниал Ахметов Семейде автобуспен жүріп қайтты

Облыс әкімі Семейдегі «Темір жол вокзалы» аялдамасында автобустарды қарап шықты. Бірінші тоқтаған № 29 бағытында жүретін автобус жолаушыларды тасымалдау жұмысының барысын байқатты. Басылымның мәліметінше, қытайлық автобустың бамперлері бүлінген, ал жүргізушісі тазалық пен ұқыптылығымен мақтана алмады.

Семей, автобус
Даниал Ахметов № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, барлық жолаушылармен бірге бірнеше аялдама жүріп өтті. Әкім қоғамдық көліктегі олқылықтарды айтып, тапсырмалар берді. Өзінің байқағандарын қалалық мәслихаттың депутаттарымен бөлісті.

«Депутаттардың қайсысы әрдайым қоғамдық көлікпен жүреді? Сол үшінде депутаттарды қоғамдық көлік мәселесі аса қызықтырмайды. Мен бүгін автобуспен жүріп қайттым. Менің не көргенімді білесіздер ме? Біріншіден, автобустардың уақыты белгіленбеген, аялдамаларда олар белгіленбейді, тек соңғы аялдамада есеп береді. Автобустың салоны өте лас, әйнектерін жапқыштар емес, кір жауып тұр. Сонымен қатар, түтін шығатын құбыр жолаушылар отыратын жақтан шығып тұр!», — деді Даниал Ахметов.

Даниал Ахметов депутаттардан осы мәселені жақын арада шешуді тапсырды. «Сіздер тарифті өсіруді сұрайсыздар. Мүмкін оны да істерміз, бірақ ол үшін қызмет көрсету сапасын жоғарылату қажет. Әзірге бағаны өсіруге мен себеп көріп тұрғаным жоқ», — деді ШҚО әкімі.

ДереккөзAltaynews.kz