Маңғыстау облысында тамақтан уланған оқушылар саны 289-ға жетті. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектептің бастауыш сыныптарында білім алатын 289 оқушы мектеп асханасындағы тамақтан уланды.
Оқушылардың 22-сі үйде, 67-сі ауруханада емделіп жатыр. Ауруханада жатқандардың ішінде екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, – деп жазды басылым.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалған.