Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.
Алматы әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, — деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.