Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында карантин жарияланды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, 5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана екі бас ірі қара мал сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды.
Үлкен Ақсу ауылында тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге және әкету ге тыйым салынған. Аумақтық ветеринариялық инспекция ЖАО ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп жануарларды аулалық тексеру, вакцинациялау және жануарлар иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Елді мекенге тарату іс-шараларын жүргізу, оның ішінде дезинфекция жүргізу үшін АШМ-нің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды көшіріледі, қажет мамандар мен арнайы техника штаты бар. Ол жерде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегенов жүр. Қолданыстағы алгоритмге сәйкес барлық қажет ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізіледі және ауыл шаруашылығы министрлігінің ерекше бақылауында болады, — делінген хабарламада.