«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотқа тартылады. Бұл туралы бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу нұсқасы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, мақсатсыз пайдаланылған 200 миллион теңге көлемінде аванс бере отырып, бір көзден алу тәсілімен заңсыз шарт жасасты, — делінген хабарламада.
Көлік прокуратурасы істі Астана сотына жолдады.