Ozon тапсырыстарды қабылдау пункттерін ашу — отбасыңыз үшін тиімді бизнес 

Қазақстанда онлайн қызметтерге сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы, себебі қажет тауарды ғаламтор арқылы таңдап, қолайлы уақытта алып кетуге болады. Елімізде ірі халықаралық маркетплейстердің дамуы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып жатыр. Көпшілік өнім өндіру немесе сату арқылы ғана табыс табуға болады деп ойлайды, алайда платформа серіктесі ретінде тапсырыстарды қабылдау пунктін ашу да тиімді табыс көзіне айнала алады. Бұл — әсіресе, отбасылық бизнес ретінде қолайлы бағыттардың бірі.

Ozon ТМД елдерінде логистикалық желісін белсенді түрде кеңейтіп жатыр, оның құрамына барлық аймақтағы тапсырыс қабылдау пункттері кіреді. Платформа жаңа пункттер ашуға мүдделі болғандықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі шара ұйымдастырады: оларды оқытады, қажет ақпарат және жарнама материалдарын береді, сондай-ақ алғашқы алты айда қаржылай қолдау көрсетеді. Біз әртүрлі елдегі тапсырыстарды қабылдау пункттерінің иесі мен олардың отбасысының бизнес бастау жолындағы тәжірибесін жиып шықтық.

Қазақстан азаматшасы Галина тапсырыс қабылдау пунктін ашып, қызының болашағын қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Галина ательеде жұмыс істеп жүріп, тапсырыс қабылдау пунктін ашуға болатынын біліп қалған еді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, тұрақты табыс көзі мен қызының қаржылай болашағын қамтамасыз ету үшін бизнесті қолға алған. Галина алғашқы пунктін үйінің жанынан ашыпты. Бұл оған негізгі жұмысы мен қосымша табысы арасындағы уақытты тиімді басқаруға мүмкіндік берген.

Ozon
Галина. Фото жеке архивінен

Қазіргі таңда Астананың бірнеше ауданында Галинаның екі пункті бар. Қызы оқуын жалғастыра отырып, Ozon тапсырыстарды қабылдау пунктінде менеджер болып жұмыс істеп, анасына қолғабыс етеді. Жаңа бизнес Галинаның табысын арттырып қана қоймай, адамдармен жұмыс істеп шынайы ләззат алуға да мүмкіндік беріп отыр.

Арменияда жүріп Рафаэль өз үлгісімен отбасын және достарын жаңа бизнеске бейімдеді

Рафаэль Саргсян — Армениядағы ең табысты Ozon тапсырыстарды қабылдау пункттерінің бірінің иесі. Оның екі пунктінде алты қызметкер еңбек етеді, ал Рафаэль процестің әр кезеңіне өзі тікелей қатысады: пункттің уақтылы ашылуын қадағалап, жеткізу мен қайтаруды реттейді және тапсырыстарды жедел жеткізу керек кезде көмектеседі.

Ozon
Рафаэль. Фото жеке архивінен

«Алғашында жақындарым жаңа ісіме күмәнмен қарады, бірақ уақыт өте өздері де қызыға бастады. Қазіргі таңда қарындасым сақтандыру саласында істейді, ал анам әйелдер аксессуарларының жеке демонстрация орталығын басқарады. Олар Ozon-мен серіктес болуды қарастырып жатыр. Себебі маркетплейстердің болашағы бар екенін түсінді-ау», — дейді Рафаэль.

Бүгінде кәсіпкер тапсырыстарды қабылдау пункттері желісін кеңейтуге кірісіп кетті. Сонымен бірге Рафаэльдің бірнеше досы да бұл бизнеске қызығып, оның көмегіне жүгінген. Олар бірге Ереван аудандарынан және Арменияның басқа да қалаларынан жаңа орын іздеп жатыр.

Қазақстандық Мира нағыз отбасылық бизнес құрды

Мираға Ozon тапсырыстарды қабылдау пунктін ашу мүмкіндігі туралы бауыры айтқан. Ол кезде Мира балабақшада жұмыс істеп жүрген еді, бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты қосымша табыс көзі қажет болған.

Ozon
Мира. Фото жеке архивінен

Пунктті ашу ісіне бүкіл отбасы болып кірісіпті. Барлық заңды құжатты рәсімдеуге анасы көмектескен екен. Павлодардан қолайлы ғимарат табылып, оны жөндеуге әкесі көмектескен. Іске қосу кезеңі қиын болғанымен, Мира уақыт өте келе барлық процесті меңгеріп алыпты. Қазір оның тоғыз пункті бар, отбасының барлық мүшесі осы жұмысты белсенді атқарып келеді.

Қазақстанда Ozon тапсырыстарды қабылдау пунктін қалай ашуға болады?

Қазақстанда бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасалған. Экономика дамып келеді, ал электронды коммерция мен тауар айналымының артуы осы үдерістің маңызды бөлігіне айналып бара жатыр. Ozon-ды қолданатындар саны қазір 50 миллионнан асты, ал әр 10 адамның сегізі тапсырысһын осы компанияның қабылдау пункттері арқылы алуды қалайтынын статистика көрсетіп отыр. Бұл пункт иелерінің тұрақты табыс табатынын көрсетеді, себебі олардың кірісі тікелей айналымға байланысты.

Қазақстанда белгілі бір тауар бағасы шамамен 2 663 теңгеге дейін болса, кәсіпкерлерге оның 5%-і төленеді, ал қымбат тауарлар үшін әр позициядан шамамен 1 331 теңге беріледі. Сонымен қатар, сатушылардан тауар қабылдау, басқа логистикалық компаниялардың тапсырыстарын қабылдау немесе тапсырыстарды қабылдау және беру ғимаратында қосымша шағын бизнес жүргізу арқылы да табыс табуға болады.

Ozon тапсырыстарды қабылдау пунктін ашу оңай және бұл процесс шамамен екі аптаға созылады. Әуелі ғимарат табу керек. Оны интерактивті карта арқылы табуға болады, онда болжамды табыс пен кепілдендірілген қаржылай қолдау мөлшері көрсетілген. Қазақстанда 3 700 000 теңгеге дейін қаржы ала аласыз.

Ozon
Фото: Ozon

Әуелі өтініш қалдырып, мақұлданғаннан кейін жалға алу және франшиза келісімшарттарына қол қойып, ғимаратта косметикалық жөндеу жұмыстарын бастауға болады. Жаңа бизнес бастау үшін жаңа нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ — барлық қажет нұсқау маркетплейстің брендбугінде егжей-тегжейлі көрсетілген. Қабырға сырланып жатқанда қызметкерлерді жалдап, олардың оқу процесін ұйымдастыруға кірісуге болады — бұл бағытта да қолдау көрсетіледі. Көп сұрақтың жауабын компания анықтамасынан табуға болады. Бірнәрсе түсініксіз болса, жергілікті менеджерден көмек сұрауға әрдайым мүмкіндік бар.

Ғимарат дайын болып, барлық келісімшарт аяқталғаннан кейін, пункт ашылып, тапсырыстарды қабылдай бересіз. Ozon қолданушыларына жаңа пункт ашылғанын хабарлап, оны барлық картаға қосады. Барлық қажет мәліметті Ozon-ның ресми сайтынан табуға болады. Өз бизнесіңізді бастауға алғашқы қадамды бүгін жасаңыз!