Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осылайша найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында — түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде — шаңды дауыл соғады.

Әсіресе Қызылорда облысында қатты дауыл тұрады.

Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше өрт қаупі бар.

Мақалаға реакция