Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475-479 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 22 тамызға арналған ресми бағамы – 1 долларға 475,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге. Еуро – 529,12
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 479,7 теңге. Еуро 529,5–533 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 479 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15–5,35 аралығында саудаланып жатыр.
