Ұлттық тестілеу орталығы тамыз айындағы ҰБТ нәтижесін жариялады.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, тестілеуді 18 мыңнан астам адам тапсырды.
Оның ішінде:
- талапкерлердің 52%-і шекті балл жинады;
- орташа балл — 54 балл;
- ең жоғары балл — 128 балл;
- ерекше білім беру қажеттігі бар 100 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 77 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек. смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 44 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 33 адам шығарылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ, — делінген хабарламада.