Алматы-Өскемен тасжолында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы 13 тамыздан 14-іне қараған түні болған. Облыстық полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Opel Antara, Toyota Camry және Mercedes Benz автокөліктері 14 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 88 шақырымында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.