Басты бетPushБоксшы Сәкен...

Боксшы Сәкен Бибосынов жартылай финалға шыға алмады

Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбек Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, Олимпиада ойындарын ширек финалдан аяқтады.

51 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов өзбек спортшысынан 2023 жылғы Азия ойындарында да жеңілген еді.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасының сәтсіз өткенін жеткізді.

Біреуді кінәламаймыз, бәрін халық көріп отырған шығар. Жігіттер барын жасады. Енді ринг осындай болып тұр. Париж бізге құтты болған жоқ. Қателік әрбір адамда болады. Чемпион болғанда да болады. Жігіттер барын салып бокстасып жатыр. Кімнің қолын көтерді сол жеңді. Олимпиада біз үшін нашардың нашары болды. Токиода екі қола алдық, бұл жолы екі қола да болмай қалды. Енді шешімді басшылар қабылдайды, біз өз жұмысымызды атқардық, боксшыларды дайындап әкелдік. Боксшылар барын салды, жеңіс берді-бермеді, оны біз шешпейміз ғой, – деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Олимипада ойындарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай ғана қалды.