Ұлттық статистика бюросы 1 шілдедегі Қазақстан халқының санын жариялады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 20 159 707 адам болған.
Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрған. Осылайша, кейінгі жарты жылда Қазақстан азаматтарының саны 126 мың адамға жуық артты.
Еліміздегі халқы ең көп бес аймаққа Алматы (2 258 253 адам), Түркістан облысы (2 150 796 адам), Алматы облысы (1 545 564 адам), Астана (1 472 027 адам) және Шымкент (1 238 969 адам) кіреді.
Сонымен қатар Жамбыл (1 223 670 адам) мен Қарағандыда да (1 134 776 адам) миллионнан аса адам тұрады.
Азаматтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 586 070 қандастарымыз ауыл тұрғындары.