Алматы қаласында емханаға жазылу жеңілдеді

Терминал арқылы адамдар өздерінің қайда бекітілгені туралы толық ақпарат алып, тіркеуі болмаса, тез арада ретке келтіре алады. Сондай-ақ, құрылғы дәрігердің қабылдауына жазылып, оны үйге шақыруға және жұмысқа жарамсыздық анықтамасын ұзартуға мүмкіндік береді.

«Емханаға келген науқасқа жағдай жасалуы тиіс. Яғни, бәрі ыңғайлы, тез әрі қолжетімді болуы шарт. Мына енгізілген жүйе сол науқастардың мүддесін қорғайды. Олардың шағымы, алғысы және өтініші сол сәтте басшының кейсіне түседі»,- дейді №17 емхана бас дәрігерінің орынбасары Виктор Ким.

Айта кетейік, бұл жүйе өз елімізде 5 жыл бұрын іске қосылған. Осы уақыт ішінде 19 емханада жабдықталған. Ал, қалған 15 медициналық мекеме әзірге өз кезегін күтуде.

ДереккөзKtk.kz