Басты бетЖаңалықтарІздеуде жүрген...

Іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеуде ұсталды

Қазақстанда адам өлтіру қылмысы үшін іздеуде жүрген шымкенттіктер Мәскеу облысында ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция депаратменті хабарлады.

Шымкент полициясы ресейлік әріптестерімен бірлесіп, адам өлтіргені үшін айыпталған екі күдіктінің жүрген жерін анықтады. Екеуі де Мәскеу облысында ұсталды.

Олар өткен жылдың қыс айында таңғы 5.00 шамасында жасырын түрде бөтеннің үйіне кіріп, үш ер адамды битамен және темірмен ұрып, соққан. Бір адам алған дене жарақаттарынан жедел жәрдем көлігінде қаза болған, — деді полицейлер.

Қазіргі кезде ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр