Басты бетЖаңалықтарӘкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін қаражат бөлді

Әкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін қаражат бөлді

Әкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін қаражат бөлді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

Жыл сайын қолдауды қажет ететін отбасы балаларына мектептер арқылы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл шараның негізгі мақсаты — мұқтаж ата-аналарға балаларын мектепке дайындау үшін қолдау көрсету. Материалдық көмек киім-кешек, оның ішінде мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдарын сатып алу үшін бөлінеді. Осы мақсатта әкімдіктер 500 мыңнан астам баланы мектепке даярлау үшін тиісті қаражатты бөлді, — деді комитет төрағасы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.

Оның айтуынша, материалдық көмек көлемі барлық өңір үшін кейінгі үш жылда 2,5-ке артты. Нақты айтқанда, 17 мыңнан, 43 мың теңгеге өсіп отыр.

Қазіргі таңда өңірлер мектеп жинақтарын сатып алу үшін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың есепшотына қаражатты аударуды бастады. Ата-аналар қажетті тауарларды сатып алғаннан кейін оны растайтын құжатты ұсынулары керек. Материалдық көмекті алу үшін әр ата-ана мектеп директорының атына өтініш жазады. Бүгінде ата-аналардың есепшотына 3 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, 77 мыңнан астам бала қамтылды, — деді Насымжан Оспанова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да