Басты бетЖаңалықтарАлматыда полиция...

Алматыда полиция автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты

Алматыда полиция автобусы жол апатына ұшырады. Оқиға 1 тамызда таңертең Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметтік көлігі ұшыраған жол апаты бойынша тергеу басталды.

Апат салдарынан «Сузуки» маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада.