Бүгін Париж олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен жарыс жолына шығады.
Триатлон
11.00. Әйелдер. Шабалина Екатерина
Нысана көздеу
12:00. Ерлер. Жекелей сын. Іріктеу. Сәтпаев Ислам, Малиновский Константин
Стенд ату
12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер. Мария Дмитриенко
Бокс
14:16. Ерлер. 57 келі. 1/8 финал. Махмұд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания)
00:36. Әйелдер. 75 келі. 1/8 финал. Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама)
Үстел теннисі
18:00. Ерлер. 1/8 финал. Кирилл Герасименко
Спорт гимнастикасы
20:30. Көпсайыс. Финал. Ерлер. Милад Карими
Жарыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Айта кетейік, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды.
Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Александра Ле мен Ислам Сәтбаев ел қоржынына қола жүлде салды.