Түймеден бастап автокөлікке дейінгі барлық ірілі-ұсақ тауарыңызды еліміздің түпкір-түпкірінен бір-ақ күнде тегін жеткізіп беретін жаңа маркетплейс 2024 жылғы 1 тамызда іске қосылады.
Еліміздегі жергілікті маркетплейстерде тауарды күтудің орташа ұзақтығы — үш күннен 10 күнге дейін. Ал Teez бір күнде жеткізіп беретініне кепілдік береді әрі барлық тауар бөлек-бөлек емес, бір себетке жиналып жеткізіледі.
Елімізде қазірдің өзінде бірнеше жергілікті және халықаралық цифрлық сауда платформалары жұмыс істеп жатыр. Бірақ негізгі жаһандық ойыншылармен бәсекеге түсетін отандық нарықтық экожүйеге қажеттінің бәрін жоққа шығара алмаймыз. Дәл осы кетіктің орнын жаңа маркетплейс толықтырмақ және оның әкелген тың тәсілдері тұтынушы мен сатушыға барынша қолайлы болмақ. Ол несімен ерекше? Халыққа тигізер пайдасы қандай?
Тегін жеткізіп беру, төмен баға, премиум қызмет
Негізі маркетплейстер бірнеше модель бойынша жұмыс істейді. Мысалы, FBM/FBO (Fulfillment by Marketplace/Operator) схемасы бойынша тауарлар қоймада сақталады, қапталады, сатып алушыға жеткізіледі, кейде тауарды қайтарады. Тағы бір мысал — FBS (Fulfillment by Seller) схемасында тауар сатылғанға дейін сатушының қоймасында сақталады.
Ал Teez маркетплейсі тың тәсілді пайдаланбақ: CFBO (Centralized Fulfilment by Operator), яғни Teez Қарағандыдағы негізгі қоймадан барлық тауарды жеткізіп береді. Осылай, компания бірден бірнеше функция атқарады. Барлық тауар қоймада, бұл оларға тапсырыстарды 24 сағат ішінде бүкіл Қазақстан бойынша жинауға және жеткізуге мүмкіндік береді. Компания тауардың сапасын бақылауға және олардың қауіпсіз сақталуына кепілдік беріп отыр.
Teez жерүсті логистикасында тек өз көлігін пайдаланады, бұл оларға жеткізу мерзімі мен сапасын да бақылауға мүмкіндік береді. Клиенттерге берген негізгі уәдесі – тапсырысты дәл сол күні жеткізіп беру үшін әуе көлігі елдің шалғай аудандарына қарай ұшады.
Teez.kz сатушылар мен сатып алушыларға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Жалпы айтқанда маркетплейс дегеніміз – цифрлық базар, мұнда компания міндеті бәсекеге қабілетті сауда орнын қамтамасыз ету. Компания өкілдерінің айтуынша, Teez-дің win-win стратегияcы барлық тарап үшін ең жақсы жағдай жасайды. Орталықтандырылған логистикалық жүйенің арқасында сатып алушылар тексерілген тауарларды төмен бағамен алады. Оның үстіне, тапсырыста әртүрлі сатушының бірнеше өнімі болса да, олар бір күн ішінде бірге келеді. Қабылдау пункттерінде сізді премиум қызмет күтеді: тауарды өзіңіз алып кете аласыз немесе курьер қызметін пайдалана аласыз.
Келесі жылдың соңына дейін Teez бүкіл Қазақстан бойынша 1000-нан астам жеткізу пунктін ашуды жоспарлап отыр.
Teez cатушыларға біркелкі комиссия ұсынады, орташа есеппен — 15%. Бұл Teez бәсекелестеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Компания өкілдері сатушылардың аккаунтын тегін іске қосып береді және онда жеке кабинеттегі барлық құралдар қолжетімді болады.
Ерлан Исекешев — Teez компаниясының тең негізін қалаушыларының бірі. Мамандығы — инженер, оның технология мен қаржы саласын қоса алғанда, әртүрлі саладағы ірі жобаларды басқаруда 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін 11 стартап жобаны қаржыландырған.
2020 жылы Clever маркетплейсін құруға қатысып, инвестиция құйды. 2022 жылы қазақстандық TypiPay финтех стартапын қаржыландырды. 2023 жылы Biometric стартабының негізгі инвесторы болды, ол Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу үшін инвестиция алды.
Ерлан Исекешев елдегі стартап экожүйесін дамытуға және жас кәсіпкерлерді қолдау шараларына қатысуға көп көңіл бөледі, сондай-ақ қайырымдылықпен айналысады. I.T.F. бойынша таэквон-до федерациясына, «Мактуб» қайырымдылық қорына қолдау көрсетеді және ауылдық жерлерден келген дарынды балаларға арналған iQanat бағдарламасына қатысады.
Жобаның тең құрылтайшылары — Ерлан Исекешев пен Долорес Пшембаева (олар бұрын Clever азық-түлікті жеткізу қызметінде бірге жұмыс істеген), KazanExpress-тің (қазіргі Магнит Маркет) бұрынғы негізін қалаушы және Uzum Market-тің бұрынғы басқарушы серіктесі Линар Хуснуллин, сондай-ақ бұрынғы KazanExpress инвестициялық директоры Никита Еремин.
Teez командасы жетістікке жететіне сенімді, ал Ерлан Исекешевтің бұл жобаға қатысуы оның жоғары потенциалы мен Teez жобасының болашағына сенім ұялатады.