Басты бетЖаңалықтарАлматыда тағы...

Алматыда тағы бір көшенің учаскесі жартылай жабылады

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Алтынсарин даңғылы бойынша жол жүру ішінара шектеледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.

29 шілдеде сағат 13.00-ден 30 шілдеде сағат 08.00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында көлік қозғалысы Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық емханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады. Қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі, — делінген хабарламада.