Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

14 мамыр сағат 22:00-ден 15 мамыр сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің оңтүстік бетінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Аталған бөліктің, яғни Абай даңғылының Алтынсарин көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде де жол жөндеу жұмыстары жүреді. 15 мамыр сағат 22:00-ден 16 мамыр сағат 06:00-ге дейін жол уақытша жабылады. Бұл шара орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған, — деп хабарлайды Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мамандар қала тұрғындарына жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Jusan Ақтөбедегі шығармашылық орталыққа мурал сыйлады

Ақтөбедегі Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қабырғасында жаңа мурал пайда болды. Бұл муралды қала тұрғындарына Jusan сыйға тартып отыр.

Таиландта комаға түскен қазақстандық қаза болды

Таиландта суға батып кете жаздаған қазақстандық Артур Ысқақов қаза болды. Оның қазасы туралы әлеуметтік желіде әпкесі хабарлады.

Алматыда велошеруге байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда 4 маусымда мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеру өтеді. Осыған байланысты 28 автобустың бағыты уақытша өзгереді. 

Президент халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

Мемлекет басшысы халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысуға келгені үшін Хельга Шмидке алғыс айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.