Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, кейінгі 10 жылда автобустағы билет құны 90 теңгеден көтерілмеген.
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылғы қыркүйекте белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылған болатын, — деп жазды ведомство.
Айта кетейік, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар 2020 жылғы наурыз айынан бастап қоғамдық көлікте тегін жүрген. Бұдан кейін де солай болады, бірақ мектептің көлік картасы болу керек.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар, зейнеткерлер, сонымен қатар жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға жеңілдік жасалады, — дейді әкімдік.
Сонымен қатар жеңілдіке көп балалы аналар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі ие бола алады.
Жеңілдік алушылардың қатарына «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары кіреді.