ASUS Vivоbook S 15 — жасанды интеллект пен жаңа технологияның кейінгі мүмкіндіктері қосылып жасалған ноутбук. Бұл – универсал құрылғы. Дегенмен, әсіресе, офис қызметкерлеріне ыңғайлы. ASUS компаниясының жаңа ноутбугын арнайы жобалар бойынша менеджер Жаннат Төлегетай бірнеше күн қолданып, оның артықшылықтарын шолып шықты.

Жаннат Төлегетай – түрлі дәмді фастфуд сататын мейрамханалар желісі бар компанияның арнайы жобалар бойынша менеджері. Ол жұмысының басым бөлігін ноутбук арқылы істейді: серіктестерімен келіссөз жүргізеді, компанияның заңды құжаттарын дайындайды, мейрамханалардағы сатылымды бақылайды, ай сайын, тіпті апта сайын есеп жазады және тағы басқа. Сондықтан ол «ноутбугым қолымдағы телефоннан да ыңғайлы болуы керек» дейді. Жаннат ASUS Vivobook S 15-ті сынап көріп, ноутбук туралы ойын айтып берді.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Сырт көрінісі

Адам зат сатып алмас бұрын әуелі оның сырт көрінісіне мән береді. Сол себепті ноутбуктың дизайны ерекше болғаны – маңызды фактор. Жаннаттың айтуынша, ол кеңседе істейді және үнемі серіктестермен, жұмысы үшін маңызды адамдармен кездесуге барады. Оған қоса басшы ретінде Алматыдағы мейрамханаларды аралап, қызметкерлердің жұмысын тексеріп жүреді. Сондықтан ол қолына ұстап жүретін құрлығысы көзге ұратын артық бөліктері жоқ, классикалық киім үлгісіне үйлесетін құрылғы болғаны жөн дейді. Ол ASUS Vivobook S 15 осы критерилерге сай келетінін айтады. Себебі бұл жаңа ноутбуктың дизайны қарапайым, бірақ сәнді. Оны кез келген маман иесі ұстап жүре алады. Ешкімнің сәнін бұзбайды, қайта көркін келтіріп жібереді.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың салмағы – небәрі 1,42 келі. Күнделікті қолданатын адам үшін аса ауыр салмақ емес. Көлемі – 14,7 миллиметр. ASUS Vivobook S 15-тің сұр, қара және көк түсі бар.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жалпы сипаттамасы: процессоры мен операциялық жүйесі

ASUS Vivobook S 15 ноутбугына Windows 11 операциялық жүйесі орнатылған. Бұл интерфейс түсінікті әрі ыңғайлы. Оны бала да, егде жастағы адам да тез меңгеріп алады. Нейропроцессоры – Snapdragon X Elite X1E-78-100. Мұндай процессор қуатты үнемдеп жаратуға, құрылғының жылдам жұмыс істеуіне, ондағы деректердің қауіпсіз жерде сақталуына мүмкіндік береді.

Windows 11 жүйесінде жасанды интеллект қосылған жаңа қолданба пайда болды. Бұл құрылғыны қолдануды және жалпы жұмыс процесін жеңілдетеді. Мәселен, енді ноутбукта Recall деген ақылды іздеу жүйесі және пернетақтасына Copilot+ деген батырма бар. Recall ноутбуктағы керек ақпаратты тез табуға көмектеседі. Ал Copilot+ батырмасын басса, жасанды интеллект, яғни цифрлы ассистент жәрдем етеді. Жасанды интеллект ноутбук иесінің сұрақтарына жауап береді, керек ақпаратты тауып береді, сөйтіп жұмысты жылдам бітіріп, уақыт үнемдеуге көмектеседі.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұған қоса жасанды интеллект түрлі бағыт бойынша жәрдемдеседі. Мәселен, Live Captions мәтінді кез келген тілге аударуға, Cocreator сурет салуға, Auto SR «ауыр» ойындарды ойнауға, StoryCube ноутбуктағы фото-видеоны табуға көмектеседі. Мұның бәрін қолдану үшін құрылғыны арнайы жаңарту керек.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Экраны

Жылдан-жылға камера, смартфон, ноутбук сияқты құрылғылардың технологиясы дамып, көрерменге өте сапалы контент ұсынылып жүр. Бұған қазіргі адамдар да әбден үйреніп қалған. Тіпті, кейбірі сюжеті жағынан қанша мықты түсірілсе де, ескі фильмдерді сапасы нашар болғаны үшін көре алмайды. Енді біреулер жаңадан шыққан фильмдерді жақсы сапада тамашалау үшін арнайылап кинотеатрға барады. Дегенмен енді бұл жағынан ASUS Vivobook S 15 ноутбугын сатып алатындарға уайымдаудың еш қажеті жоқ. Өйткені бұл құрылғының экраны – 15 дюйм. Оған OLED дисплейі қойылған. Жиілігі – 120 Гц. Экран бейнені 3000 сапада көрсетеді. Фильмді де, фотоны да өте анық бейнелейді, түсті де өзгертпей көрсетеді.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жаннат турагенттікке қатысты курсқа барып жүр. Оған жұмыстан соң барады. Ол жерде де ноутбук қолданады. Кешке үйге көзі ауырып қайтатынын айтады. Әрине, бұл құрылғыны шамадан тыс қолданғаннан шығар. Десе де ASUS Жаннат сияқты ноутбук алдында ұзақ отыратындар үшін жаңа ноутбугының экранынан зиян көк түс 70% аз шығатындай етіп жасады. Оған қоса ASUS Vivobook S 15-тің арнайы сертификаттары бар. Бұл сертфикаттар құрылғының балалардың көзі үшін де қауіпсіздеу екенін растайды.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбук 180 градусқа иіледі. Бұл ноутбукты үлкен смартфон не планшет сияқты қолдануға, жатып пайдалануға мүмкіндік береді.

Камерасы

Жаннаттың айтуынша, ол күніне үш-төрт жиналысқа қатысады. Оның кейбірі онлайн өтеді, сол себепті ноутбуктың камерасы жақсы болғаны дұрыс дейді. ASUS Vivobook S 15 құрылғысының бұл тұсы ұтып тұр. Өйткені құрылғыға жасанды интеллект негізінде істейтін Windows Studio Effects функциясы қосылған. Бұл видеоқоңырау кезінде бейнені, фотоны анық көрсетуге, камераның ар жағындағы адамның көзқарасын, түрін, эмоциясын нақты көрсетуге, адамның артқы жағына түрлі фон қоюға мүмкіндік береді. AI Noise Cancelation жүйесінің арқасында видеоқоңырау кезінде артық дыбыстарды алып тастауға болады.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мысалы, онлайн істейтін фрилансер жағажайда демалып жатыр делік. Кенеттен видео байланысқа шығуы керек. Осындай сәтте адам фонын ауыстырып, артық дыбыстарды өшіре алады.

Қауіпсіздігі үшін алаңдайтын адамдар ноутбук камерасын жабатын арнайы жапқыш сатып алады. Ал мұнда оны алудың қажеті жоқ, ноутбуктың өзінікі бар.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Желдеткіші

Ноутбуктың ASUS IceCool жүйесі бойынша істейтін екі мықты желдеткіші бар. Олар құрылғының қатты қызып кетуіне жол бермейді, себебі ыстық ауаны уақытылы сыртқа шығарып отырады. Бұл желдеткіштер процессордың температурасын 45 Вт дейін ұстап тұрады. Ал бұл құрылғыға ұзақ уақыт бойы қатпай істеуіне мүмкіндік береді.

Мысалы, ауыр бағдарлама арқылы 3D-модель немесе рендериң жасайтындар, ойын ойнайтындар, видео өңдейтіндер желдеткіш маңызды екенін өте жақсы түсінеді. Себебі желдеткіш құрылғыны қыздырмай, ыстық ауаны шығарып, ноутбуктың және адамның жұмысын баяулатпайды.

Пернетақтасы

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбуктың пернетақтасы жанып тұрады. Соның арқасында жарық аз бөлмеде де мәтінді қиналмай теруге болады. Пернетақталардың беті ойыс және үлкен. Оның пайдасын адам саусақпен басқанда сезеді. Пернетақтаның жанып тұратын түсін адам өзі қалаған түсіне ауыстыра алады.

Қуаттағышы

ASUS Vivobook S 15 ноутбугының аккумуляторы – сағатына 70 Вт. Ноутбуктың қуаты 18 сағатқа жетеді. Осы жолы компания батареясының сапасын 20%-ке арттырған. Демек, ноутбуктың батареясы бұрынғыға қарағанда ұзағырақ іске жарайды. Құрылғының қуаты таусылғанда қуаттағышқа қойса, 49 минутта 60%-ке толтырып береді. Бұл шұғыл жұмысы бар, ноутбукты тез арада қажет ететін, қуаттағышқа қойып отыра алмайтындарға өте ыңғайлы.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ноутбукта USB-A, HDMI, Thunderbolt 4/USB Type-C жалғағыштары және microSD-і бар.

ASUS Vivabook S 15
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қорытындыласақ, ASUS Vivobook S 15 ноутбугын қолданып, мынадай бірнеше артықшылығын байқадық:

  • жеңіл әрі жұқа;
  • экраны сапалы;
  • желдеткіші құрылғыны тез суытады;
  • қуаты ұзаққа жетеді және қуаттағышы тез қуаттайды;
  • жасанды интеллектінің мүмкіндіктері қосылған.

ASUS Vivobook S 15 OLED