Ару Исбулатова – әлемге Қазақстан есігін ашқан адамның бірі. Оның шетел азаматтарына Қазақстан визасын алуға көмектесетін компаниясы бар. Бүгінгі материалда Арудың ерекше қызметі туралы баяндаймыз. Оған қоса ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугы оның жұмысына қаншалық таптырмас көмекші болғанын білеміз.

29 жастағы Ару Алматыда тұрады. Қытайда білім алған. Сол кезден-ақ дүниежүзіндегі елдерді аралауға, тануға деген махаббаты ашылған. Бүгінге дейін Азияның, Орталық Азияның басым бөлігін — Тайландты, Вьетнамды, Қытайды, Малайзияны, Өзбекстанды, Қырғызстанды және тағы басқа мемлекеттерді шарлап шыққан. Кейін Ару сүйікті хоббиін табыс әкелетін қызметке айналдырған. Оның туризм саласында істеп жатқанына сегіз жыл болды. Ал төрт-бес жыл бұрын серіктестерімен бірге шетел азаматтарына Қазақстан визасын алуға көмектесетін компания ашқан. Енді ол мұхиттың ар жағындағы өзі сияқты жиһанкездерге Қазақстанмен танысуға мүмкіндік береді.

Арудың айтуынша, Қазақстанға шетелден адамдар түрлі мақсатта келеді. Бірі қыдырып келсе, енді бірі кәсіп бастау үшін, біреулер инвестор болу үшін келеді.

Виза алу үшін біраз құжат жинау қажет. Міне, біздің компания сол құжаттарды бастан-аяқ жинауға, оны дұрыс тапсыруға көмектеседі, — дейді виза жөніндегі маман.

Ару Исбулатова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Арудың айтуынша, көп ел тұрғындары Қазақстанға визасыз-ақ қыдырып келе алады. Сол себепті олардан көбіне Қазақстанда кәсіп бастағысы келетіндер, жұмыс істегісі келетіндер көмек сұрайды.

Алматы мен Астананың өзінде 500-ден астам шетел компаниясы бар. Олардың кейбірі техника, тауар сатады. Біз тек виза алуға емес, сол кәсібін жүргізуге көмектесеміз. Мысалы, олар біздің елдің заңдарын біле бірмейді. Серіктестермен келісімшарт жасағанда қиналуы мүмкін. Мұндай кезде заңгер тауып береміз. Кейін олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып тіркелген соң, банктан шот ашуы керек, салық төлеуі қажет. Оны істейтін есепші тауып береміз. Осылай, кәсіптің басындағы кезеңдерде қажет қызметті оңай әрі тез істеуге жәрдемдесеміз. Олар бізді интернет арқылы табады, – дейді маман.

Ару мен оның әріптестеріне үнемі офисте отырудың қажеті жоқ. Себебі клиенттері шетел адамдары болған соң, олармен онлайн байланысады. Өзінің айтуына қарағанда, олар кофеханада, үйде, тіпті басқа қалада немесе елде отырып та істей береді. Ол үшін оларға бір-ақ зат қажет. Бұл – ноутбук.

Ұялы телефон арқылы жұмыс істеуге болады. Бірақ көбіне құжаттарды рәсімдейміз, сол себепті ноутбук әлдеқайда ыңғайлы, — дейді Ару.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Біз Арудан «Кәсіпкердің ноутбугы қандай болуы керек?» деп сұрадық және ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугын қолданып көруге бердік.

  1. Жеңіл әрі шағын болуы керек

Арудың айтуынша, ол ең әуелі ноутбуктың салмағына, көлеміне мән береді. Себебі ол оны еш қиналмай, кез келген жерде көтеріп жүре алуға тиіс.

Үйде, кофеханада, коворгиңде жұмыс істеймін. Мәселен, күні кеше Наурыз мейрамында Астанаға бардым. Біз үшін мейрам болса да, шетел азаматтары үшін қалыпты күн. Сол себепті жұмыс істеуге тура келді. Ноутбугымды арқалап әкеттім, — дейді ол.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ару ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугының ең бірінші осы ерекшелігін ұнатқанын айтады. Шынымен-ақ, ASUS ExpertBook B9 OLED салмағы — небәрі 990 грамм.

Ноутбукты офисімізге әкелгенде, қорабын әріптестерімізбен бірге ашып көрдік. Бәрі бірден шағын әрі жеңіл екенін айтты. Менің қазіргі құрылғымнан да жеңіл екен. Мысалы, біз Қазақстанға келген серіктестерімізбен, тұтынушыларымызбен офистен тыс жерде, кофеханада кездесіп, презентацияны, сайтымызды көрсетіп жатамыз. Кей құжат мәселесін бірге талқылаймыз. Сондықтан мұндай кездесуге барғанда міндетті түрде ноутбугымызды алып кетеміз. Осындай тұста құрылғының салмағы мен көлемі маңызды деп ойлаймын. Ешкім күні бойы ауыр ноутбук көтеріп жүргісі келмейді, — дейді Ару.

Ол құрылғының сырт көрінісі, дизайны әдемі екенін айтып өтті. Оны әйелдер де, ерлер де ұстай алады дейді. Оған қоса өте маңызды кездесулерге де ұялмай ұстап баруға болатынын айтады.

Ару Исбулатова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

2. Ұзаққа шыдауы керек

Ару техника көп сатып ала бермейді. Телефон, ноутбук немесе үйіне қажет техника түрін алса, ұзағынан қолданады. Мәселен, қазіргі ноутбугын қолданып жүргеніне төрт жылдай болыпты. Ал бұлай ұзақ қолдану үшін өнімділігі жоғары құрылғыны таңдайды.

Ойын ойнамаймын, дегенмен түрлі бағдарлама қолданамын, кейді музыка тыңдаймын, фильм көремін. Мәселен, жақында жаңа қызметкер алдық, оның өз ноутбугы жоқ екен. Соған жаңасын алып бердік. Қызметкерлерімізге де сапалы құрылғы алғымыз келеді, — дейді виза жөніндегі маман.

Ару ASUS-тың Expertbook OLED ноутбугын өзіне не офисіне алуға болатын құрылғылардың қатарына жатқызды. Өйткені ноутбуктың процессоры — Intel Core i7-1355U. Оның екі өнімді және сегіз қуатты үнемдейтін ядросы бар. Операциялық жады — 64 ГБ дейін. Ноутбук Windows 11 жүйесі бойынша істейді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

3. Экраны анық болуы керек

ASUS-тың Expertbook OLED-ты ASUS сериясының кезекті жұлдызы деуге болады. Өйткені оның экраны — 14 дюйм. Сенсор емес, десе де жылтырап тұрады. Оған да OLED дисплейі жасалған. Оны сатып алғандар экраннан жарқ-жұрқ, жалт-жұлт еткен бейнені анық көреді. Қарапайым суреттің өзі тұнық көрсетіліп, көздің жауын алады. Дегенмен көзді ауыртпайды, себебі компания құрылғының экранындағы зиян көк түсті әдеттегіден 70%-ке аз етіп жасаған.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оның дисплейі бейнені анық етіп көрсететіні соншалық, ондағы құбылыс тіріліп, экраннан атып шығар ма дерсіз. Бұл құрғақ сөз емес. Шынымен-ақ, ноутбук экраны бейнені 3000 сапада, түстерді 100% дұрыс көрсетеді. «Суреттегі көйлек көк пе, әлде сұр ма?» деп отырмайсыз.

Ноутбукты қосқан сәттен-ақ экранына көзім түсті. Ноутбуктың жұмыс үстеліндегі фотоның өзі тірі секілді, 3D, 4D сияқты етіп көрсетіп тұрды. Қолданып көргеннен кейін де көзге салмақ түсірмейтінін байқадым, — дейді Ару.

Ару Исбулатова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

4. Экологияға зияны аз болуы керек

Ару – экобелсенді. Студент кезінен сенбілікке шығып, қоқыс жинап жүреді. Дегенмен ана болған соң, салауатты өмір салтын ұстанудың және экологияны қорғаудың маңызын түсінген. Сол себепті күйеуі екеуі үйдегі қоқысты сұрыптап, ай сайын оны қайта өңдеуге әкететін орталықтарға өткізеді. Оған қоса кез келген техника сатып алса, сапалысын алуға және ұзақ уақыт қолдануға тырысады.

Жүкті кезімде «болашақта балам менен көргенін қайталайды ғой» деген ой келді. Содан экоөмірді қолға алдым. Өте қатаң ұстанамын дей алмаймын, десе де кір, ыдыс жууға арналған ұнтақтың қабын, бөтелкелерді, сусабынның бөтелкесін жуып тазалап, эко-орталықтарға апарып өткіземін. Алғашында бәрін апаратынмын. Кейін Алматыда қай зат өңделіп-өңделмейтінін біле бастадым, — дейді ол.

Аруға ASUS-тың Expertbook ноутбугының 70%-і қайта өңделген материалдан жасалғаны ерекше жаңалық болды.

Әрине, батыс елдері үшін бұл жаңалық емес, себебі олар бізге қарағанда әлдеқайда дамып кеткен, экоөмір де қалыптасқан. Ал қазақстандық азаматтар экологияға кейінгі жылдары мән бере бастады. Адамдар қоқысты сұрыптау керек екенін, үнемді ұстау керек екенін енді түсініп жатыр. Ал енді алпауыт компаниялардың өз өнімін қайта өңделген материалдардан жасап жатқаны және Қазақстан азаматтарының экологияға зияны аз құрылғыны қолдана алатыны қуантып отыр, — дейді Ару.

Айта кетері, ASUS-тың Expertbook-тың техникалық қызмет көрсету мүмкіндігі жоғары. Ал ол неғұрлым жоғары болса, оның қоршаған ортаға зияны соғұрлым аз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл ноутбуктың қораптары да қайта өңделетін қағаздан жасалған. Оған қоса бір қорабын астына қойғыш етіп қолдануға болады. Сөйтіп қорапты тастамай, тиімді етіп қолданасыз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

5. Пернетақтасы үлкен, ал тачпады сезімтал болуы керек

Ару құжат толтырады, шетел азаматтарымен хат алмасады. Бұл үшін жақсы, пернесі үлкен пернетақта керек екенін айтады. Пернесі үлкен болса, тез-тез жазғанда жанында тұрған қажеті жоқ әріптерді басып кетпейсіз дейді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ал тачпады тінтуірсіз-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сезімтал әрі ыңғайлы болғаны дұрыс екенін айтады.

ASUS ExpertBook B9 OLED құрылғысының тачпады да, пернетақтасы да ыңғайлы. Саусаққа жайлы, қолды қыздырмайды, — дейді Ару.

Айтпақшы, тачпад арқылы сандарды жазуға болады. Ол функцияны да қолданушы  керек кезде қосып-өшіре алады. Ал пернетақтасына аздап (400 миллилитрге дейін) су төгіліп қалса да, сүртіп тастап, әрі қарай жұмыс істей бересіз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

6. Қауіпсіз болуы керек

Ару үшін ноутбуктың қауіпсіздік шаралары болғаны жөн. Себебі оның құрылғысында көптеген адамдардың, кәсіпкерлердің жеке басына, кәсібіне қатысты құжаттары, келісімшарты сақталып тұрады. Оған қоса өзінің де жеке мәліметтері бар.

Бұл жағынан ASUS ExpertBook B9 OLED ұтып тұр. Себебі біріншіден, ноутбукты қосатын тетік құрылғының қырында тұр. Екінің бірінің көзіне түсе бермейді. Бұған қоса ноутбук иесі оны саусақ ізі арқылы қосылатын ете алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Екіншіден, AdaptiveLock бар. Ноутбук сіздің түр-әлпетіңізді жаттап алып, сізді көрген сәтте ғана қосылады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Үшіншіден, камераны жауып тұратын арнайы жапқышы бар. Бұл «әлдекімдер камера арқылы аңдып отырады» дегенге сенетін адамдар үшін тиімді. Камера жабылып тұрады, керек кезде ғана ашып қоюға болады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Төртіншіден, Numberpad 2.0 сенсор тачпадына NFC сканері салынған. Ол арқылы ноутбук иесі құрылғысын өзі ғана қосады. Бұл — ноутбукты қосатын қауіпсіз әдістің бірі.

Бесіншіден, ASUS Еxpertbook B9 OLED ноутбугында қолданылатын процессор Intel vPro платформасына негізделген. Ол оның қауіпсіздігін қашықтан қорғап отыруға мүмкіндік береді.

Алтыншыдан, ASUS ноутбук ішіндегі мәліметтерді ғана емес, құрылғының өзінің де қауіпсіздігін ойлаған. Сол себепті арнайы қабын жасаған. Ноутбуктың қабы жұп-жұқа, жеп-жеңіл. Есесіне ішіне құрылғыны салып қойса, сырылып кетпейді.

Әсіресе, қыздардың сөмкесінде көп зат жүреді ғой. Олардың жанына ноутбукты салсаң, сатпақ болады не сырылады. Қап сатып алу керек, бірақ ноутбуктың өзіне арналып тігілмеген соң, көбі тура келмей жатады. Сол себепті ноутбуктың өзінің қабы болғаны ұнады. Жұқа, жеңіл болғаны соншалық, қаптың өзін сөмкенің ішіне салып қоюға болады. Түсі мен дизайны да адамның кез келген киім үлгісіне жараса кетеді екен, — дейді Ару.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

7. Қуаты ұзаққа жетуі керек

Арудың кейде күні қарбалас өтеді. Күндіз офисте, түсте кездесуде, кешке мүлдем басқа жерде болуы мүмкін. Кейде тек жұмыс уақыты сегіз сағаттан да көп уақыт ноутбук қолдануы мүмкін екен. Сол себепті құрылғының қуаты ұзаққа жеткені дұрыс дейді.

ASUS ExpertBook B9 OLED қуаты 11 сағатқа дейін жетеді. Бітіп қалса, қуаттағышы тез — 36 минутта 50%-ке дейін қуаттап береді.

Сіздер ноутбукты беріп жіберген күні қуаттадық. Одан кейін күніне шамамен екі сағаттан бірнеше күн қолдандық. Қуаты әлі бар, ұзаққа жетеді екен. Керемет, — дейді Ару.

Сонымен қатар ноутбуктың бірнеше жалғағышы бар. Ару мұны артықшылығы деп бағалады.

Біз құжаттарды онлайн форматта жасап қана қоймай, оны қағазға басып шығарамыз. ASUS ExpertBook B9 OLED қосымша жалғағышы бар екен. Ол арқылы принтерге жалғауға болады. Осы тұсы маған ұнады, — дейді ол.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

8. Ноутбуктың өз ерекшелігі болуы керек

Адам ноутбуктың сипатына қарайтыны рас. Десе де құрылғының өзгелерден айрықша етіп тұратын ерекше тұсы оны сатып алуға себеп болуы мүмкін. Мәселен, ASUS ExpertBook B9 OLED-тың мұндай бірнеше тұсы бар.

Біріншіден, камерасы жақсы. Қазір көптеген компания оффлайн мен онлайн жұмысты қатар алып жүреді. Сол себепті адамдармен, тұтынушылармен видео-қоңырау арқылы байланысып жатады. ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугы жасалғанда осы мәселе ескерілген. Камерасы экранның арғы бетіндегі адамды сапалы етіп көрсетеді. Видео-қоңырау арқылы сөйлескеніңізді ұмытып, құдды бір жаныңызда отыр деп қаласыз. Оған қоса видео-қоңырау басталғанда ноутбук экранының артқы жағындағы жарықдиоды қып-қызыл болып жанады. Оны көрген әріптестеріңіз сіздің онлайн кездесуде отырғаныңызды бірден түсініп, сізге кедергі келтірмеуге тырысады.

Екіншіден, ноутбукта MY ASUS бағдарламасы орнатылған. Ол арқылы бәрін істеуге болады. Ноутбуктың функциясына қатысты сұрағыңыздың жауабын тауып, оны түзеп отыра аласыз.

Үшіншіден, ноутбук 180 градусқа иіледі. Бұл ноутбукты планшет сияқты етіп көруді ұнататындар үшін, жатып та жұмыс істейтіндер үшін ыңғайлы.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ару тәжірибесіне сүйеніп Қазақстан нарығына түрлі саладағы кәсіпкерлер, компаниялар келіп жатқанын, сөйтіп олар ел дамуына үлес қосып жатқанын айтады. Ол солардың бірі ASUS компаниясы екенін де айтып өтті. Ол қазақстандық азаматтарға технология құралдарын әкеліп жатқан компаниялардан ел үшін тек пайда болатынын айтады.

Айта кетері, ASUS BUSINESS-тің Қазақстан нарығында жүргеніне біраз уақыт болды және көп жетістікке жетіп үлгерді. Бұл компания ел тұрғындарымен, серіктестермен жұмыс істеуге әрдайым дайын. Олар осы күнге дейін киберспортшыларға, шығармашыл адамдарға, кәсіпкерлерге, студенттерге және тағы басқа адамдарға олардың ерекшелігін, қалауын ескеріп, ноутбуктар шығарды. Осылай, компания B2B бағытында қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан олардың жаңа моделдерін түрлі дистрибьютор арқылы ала аласыз.

Қорытындыласақ, ASUS ExpertBook B9 OLED ноутбугының мынадай артықшылықтарын айтуға болады:

  • экраны анық, қанық көрсетеді;
  • қуаты ұзаққа жетеді;
  • жеңіл әрі берік;
  • қауіпсіз;
  • процессоры мықты;
  • экологияға зияны аз және тағы басқа.