Басты бетЖаңалықтарАлматыда оқу...

Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 7 650 орындық алты мектеп өз есігін ашады

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету үшін қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жаңа білім беру нысандары мен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыстар салынып жатыр.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке инвестициялар есебінен мектептер ашу жоспарланып жатыр. Орын тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Саялы және Зерделі шағынаудандарында 1 100 орындық екі мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарланып жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2 585 орындық алты қосымша құрылыс бойынша жүргізіліп жатыр (аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдар). Ағымдағы жылы 1 675 орындық тағы төрт қосымша құрылыстың құрылысын бастау жоспарланып жатыр, — делінген хабарламада.

мектеп, сабақ, сынып
Фото: Алматы әкімдігі

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушы орнына (бір ауысымда) 22 мектеп салу жоспарланған.

2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес 7 100 орындық бес мектеп (№97, Розыбакиев-Левитан көшесіндегі мектеп, Ақбұлақ ш/а №154 мектеп, «Нұрлы Дала» ТК ауданында, Теректі ш/а) іске қосылады.

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша, келесі жылғы 1 қыркүйекке қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мыңға төмендейді.