Алматы тұрғындарына су басу қаупі туралы ескертілді.
Қала тұрғындары 112 қызметінен 15-16 шілдеде Алматы өзендерінде су деңгейі көтерілетіні туралы SMS-хабарлама алды.
Ауа райы болжамы бойынша, 15 шілдеде Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 31-33 градус жылы.