Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472–476 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472,1-474,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 472-476 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,44 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,31-5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,25-5,4 теңгеден сатылып жатыр.